«Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 157/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 21498 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Дербес деректерді жинау осы Қағидалардың 4-3-тармағында және Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, субъектінің немесе оның заңды өкілінің Заңның 8-бабына сәйкес берілген келісімін алғаннан кейін жүзеге асырылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының аумағындағы базада жүзеге асырады.».
12-тармақ алып тасталсын;
14-тармақ алып тасталсын;